Ауыл тұрғындарының пайымдауынша, көрші тұратын балалар жасырынбақ ойнап жүріп, сандыққа тығылады. Кейін сандықтан шыға алмай, тұншығып, көз жұмған.
Ата-аналардың бірі болған жайттың жазатайым оқиға екеніне сенбей, кісі өлтіру дерегі бойынша тексеруді талап етіп отыр.
"Ата-аналардың қайғысын түсініп, көңіл айтамыз. Қазір тергеу ісі басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды, соның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. Тергеу барысында адамдардың айтқан пайымдаулары толық тексеруден өтеді", — деп атап өтті полиция.