Айлиннің әкесінің жеке баспанасы жоқ, ағасының пәтерінде тұрады және жалақысы төмен болғандықтан қызды материалдық тұрғыдан қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті Айлин соңғы уақытта анасымен бірге тұра бастаған. Анасының шағымы бойынша болатын сот отырысының уақыты әлі нақтыланған жоқ.
Бұған дейін Айлиннің анасы сот отырысында жылап, күйеуін кінәлаған болатын.
Естеріңізде болса, Instagram әлеуметтік желісінде өз қызын аяусыз ұрып-соққан ананың видеосы пайда болған еді. Онда әйел жылап отырған қызын ұрып-соғып, балағат сөздер айтқан. Видео жазбасында «анасы бұрынғы күйеуін бопсалау үшін өз қызын ұрып жатыр» делінген. Кейіннен полиция әйелдің кім екенін анықтады. 1982 жылы туған Павлодар тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш оқиғадан кейін Айлин балалар үйіне орналыстырылды. Одан кейін анасы ел алдына шығып, істеген әрекеті үшін өкінетінін мәлімдеді.