Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, — деп жазады baq.kz.
Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болып, тек батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауады.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, шаңды аралас дауыл соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Жамбыл, күндіз Алматы, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.
Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.