Алматы орталығында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы орталығында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам көз жұмды

Алматы орталығында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам көз жұмды

[wpcode id="1694287"] Алматыда 27 мамырда түнгі уақытта Тимирязев пен Жароков көшелерінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды, -

  • 27 Мамыр 2017
  • 399
Фото - Caravan.kz


Алматыда 27 мамырда түнгі уақытта Тимирязев пен Жароков көшелерінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды, — деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Windom жүргізушісі "Жол беріңіз" деген белгіні елемей, жолдың қиылысына шығып кеткен. Осы сәтте басқа жолмен Mercedes көлігі келе жатқан. Салдарынан көліктер екі жаққа ұшып кеткен. Toyota Windom болса бағанаға барып соғысқан. Сондай-ақ, 1975 жылғы жолаушы қаза тапқан, екі жолаушы қыз ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Windom жүргізушісі оқиға орнынан жасырынып кеткен. Жол апатын құқық қорғау органдары тергеп жатыр.