Шоқан өзінің Райымбек Баталовпен ара қатынасы туралы айтып берді, деп жазады "Время" газеті.
""Қайын атам мені үлкен құрметпен қарсы алды. Онымен жақын танысып, сөйлескеннен кейін бұл кісінің өте ақылды, баурағыш екеніне көзім жетті. Әрі өмірлік тәжірибесі мол. Соған еліктегім келеді.
Шоқанның әншілікпен қоштасқанына осы еліктегісі келетіні де себеп болса керек. Енді салмақты бизнеспен айналысатынын өзі де айтып отыр.
"Шоу-бизнес отбасыңның іргесін нығайта алмайды. Сондықтан сахнамен қоштасатынымды ресми түрде мәлімдеймін. Түнгі клубпен айналысуды да қоямын. Ол да отбасыма аса жақсы әсер етпейді. Бір салмақты бизнес ойластырамын" дейді Шоқан Маратұлы.
Айта кетейік, оның жары Әнелдің де бизнес бастап жатқан жайы бар.