Кабулдағы жарылыс салдарынан қазақстандықтар зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кабулдағы жарылыс салдарынан қазақстандықтар зардап шекті

Кабулдағы жарылыс салдарынан қазақстандықтар зардап шекті

Қазақстан азаматтарының бірі аяғынан, екіншісі басынан жарақат алған. Жарылыс салдарынан Қазақстан елшілігі ғимаратына да зақым келді

Ауғанстандағы теракт салдарынан екі қазақстандық зардап шекті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

  • 31 Мамыр 2017
  • 284
Фото - Caravan.kz

"Бүгін Кабулдың орталық бөлігіндегі жойқын жарылыс салдарынан Қазақстанның екі азаматы зардап шекті, олар жарылыс кезінде оқиға орнынан 500 метр қашықтықтағы қонақ үйде болған. Олардың бірі 1982 жылы туған, шағылған әйнек басын жарақаттап кетіпті, ал екіншісі 1991 жылы туған, аяғынан жарақат алды. Екі азаматпен де қазақстандық дипломаттар үнемі байланыста отыр, қажетті көмек беріп, қолдау көрсетуде", — деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілген. Жойқын жарылыстан Кабулдағы Қазақстан елшілігі ғимаратына да зақым келіпті, ол теракт эпицентрінен 1,5-2 шақырымдай қашықтықта орналасқан.