Атырауда 17 жастағы жеткіншектің 11 қылмысқа қатысы бар болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда 17 жастағы жеткіншектің 11 қылмысқа қатысы бар болып шықты

Атырауда 17 жастағы жеткіншектің 11 қылмысқа қатысы бар болып шықты

Атырауда 17 жастағы жасөспірім облыс орталығында ірі ұрлық әрекеттерімен айналысқан. Бұл туралы өңірлік ІІД баспасөз қызметі хабарлайды. 

  • 1 Маусым 2017
  • 414
Фото - Caravan.kz

Жедел-іздестіру шараларының арқасында күдіктінің тұлғасы анықталған. Оның 28 мамыр күні Жұмыскер-2 ықшамауданындағы жеке үйге басып кіріп, сол жерден алтын әшекейлер мен 26 мың теңгені алып кеткені белгілі болды.

“Күдікті әрекетін мойындады. Одан бірнеше ұрланған ноутбуктар тәркіленді. Күдікті жеке үйдің аумағында бақылау камерасы тұрғанына қарамастан тонаушылықты жалғастыра берген”, – дейді баспасөз қызметі.

Оның сондай-ақ, тағы 11 қылмысқа қатысы бар екені анықталған.