Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады

Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады

Қазақстанның басым бөлігіне фронтальды бөліктер әсер етеді, сонымен байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр найзағаймен күтіледі, республиканың оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қатты жауады, екпінді жел болып, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

  • 7 Маусым 2017
  • 202
Фото - Caravan.kz

Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді,  бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, түнде Қызылорда, Ақтөбе, күндіз  Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде  түнде және таңертең тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі. Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік күтіледі.