Алматыда бойжеткен қыз арықтың суына тұншығып қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бойжеткен қыз арықтың суына тұншығып қайтыс болды

Алматыда бойжеткен қыз арықтың суына тұншығып қайтыс болды

Алматыда 23 жастағы жас қыз арықтың суына тұншығып қайтыс болды деп жазады Tengrinews.kz. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Әл-Фараби мен Фурманов көшелерінің қиылысында орын алған.

  • 7 Маусым 2017
  • 284
Фото - Caravan.kz

"Жас қыз арыққа құлаған. Мына жерде адамдар тоқтап көмектесті. Мен кинодан келе жатқанмын. Абыр-сабыр болып кетті. Судың деңгейін төмендету үшін арықты жапты, қызды тартып шығарғысы келді", — деп жазды куәгерлердің бірі Instagram әлеуметтік желісінде.

ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов та аталған оқиғаны растады.

"Алматыда 7 маусымда таңғы сағат 04:30-да Медеу ауданында Әл-Фараби мен Фурманов көшелерінің қиылысында ТЖД мамандарының күшімен арықтан 1994 жылғы қыздың денесі табылып, шығарылып алынды", — деді Иманқұлов.