Ирак Күрдістаны тәуелсіздік туралы референдум белгіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ирак Күрдістаны тәуелсіздік туралы референдум белгіледі

Ирак Күрдістаны тәуелсіздік туралы референдум белгіледі

Ирактың солтүстігіндегі кұрд автономиялық аймағы 25 қыркүйекке тәуелсіздік алу жөнінде референдум белгіледі. Биліктің бұл туралы шешімі аймақ басшысының көмекшісі Хемин Хаврамидің Twitter-дегі парақшасында жарияланды. Ирак Күрдістаны басшылығы өкілдерінің бірі, Ирактың бұрынғы вице-премьері Хошияр Зебари сәуірде Reuters-ке референдум "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымын жеңген соң ұйымдастырылатынын мәлімдеген.

  • 8 Маусым 2017
  • 350
Фото - Caravan.kz


Ирак үкіметінің әскері АҚШ бастаған шетел коалициясының көмегімен ИМ содырларын олардың Ирактағы соңғы тірегі — Мосул қаласынан тықсырып шығармаққа тапынып жатыр.

Ирак Күрдістаны — автономиялы аудан ретінде 1992 жылы құрылған. 2003 жылы АҚШ Иракқа басып кіріп, Саддам Хусейн билігін құлатқан соң бұл аймақ қосымша мәртебе алған. Күрд жетекшілері тәуелсіздік алу идеясын ұзақ жыл бойы талқылағанымен, процеске жергілікті саяси партиялар арасындағы жанжалдар кедергі бола берген.