Мұнда журналистердің алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасалған деп айтуға толық негіз бар.
"Жалпы, көрменің ашылу салтанатына 2 мыңнан астам журналист келді. Оның мың жарымы қазақстандық журналистер. Бүгін 700-ге жуық шетелдік тілшілер аккредитациядан өтті. Бұл көрсеткіштің саны өсуі әбден мүмкін" — дейді ЭКСПО-ның баспасөз қызметі.
Журналистер санының артуының да өзіндік себебі бар. Қарапайым халықты былай қойып, көрмені тамашалауға құштар БАҚ өкілдерінің қарасы көп.

