Кеше ғана дүркіреп өткен тойдың суреттері мен видеолары ғаламторды шарлап кетті, деп хабарлайды Caravan.kz.
Бурак пен Фахриенің арасындағы махаббат осыдан үш жылдан астам уақыт бұрын түсіру алаңында басталған. Олар биыл көктемде некелерін қиып, тойдың 29 маусымда болатынын хабарлаған еді.
Жұлдызды жұптың керемет салтанатты кеші Босфор бұғазының жағалауында орналасқан әрі тарихи құндылығы бар Sait Halim Paşa вилласында отбасы мен достарының ортасында ғана өтті.



