Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күшті жел тұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күшті жел тұрады

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күшті жел тұрады

Атмосфералық ағымдардың өтуінен республиканың кей жерлерінде ауа райы құбылмалы, жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді, солтүстік пен шығыста бұршақ жаууы мүмкін.Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде күн ашық, деп хабарлайды Baq.kz.

  • 1 Шiлде 2017
  • 385
Фото - Caravan.kz

«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, Ақмола, Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында жел тұрады.

Күндіз Қызылорда облысында, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде ыстық болады. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады деп болжануда.

Астанада көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +24+26°С.