ҰБТ-дан ұпай жинай алмағандар «Нұр Отанның» қамқорлығына бөленеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ-дан ұпай жинай алмағандар «Нұр Отанның» қамқорлығына бөленеді

ҰБТ-дан ұпай жинай алмағандар «Нұр Отанның» қамқорлығына бөленеді

Бірде бір мектеп бітіруші біздің назарымыздан тыс қалмауы керек. Бұл қоғамға да, мемлекетке де өте пайдалы іс. Бүгін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Сәтті қадам» партиялық жобасының үшінші бағытын жүзеге асыру мақсатында өткен басқосуда партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай деді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 3 Шiлде 2017
  • 296
Фото - Caravan.kz

Басқосуда «Нұр Отан» партиясы мен Білім және ғылым минстрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Дін істері және азаматтық қоғам министрліктері арасында жаңартылған төртжақты меморандумға қол қойылды. Шараға аталған министрлік басшылары Ерлан Сағадиев, Тамара Дүйсенова, Нұрлан Ермекбаев пен жауапты мемлекеттік органдар өкілдерінен құрылған жұмыс тобының мүшелері, партияның өңірлік филиалдары мен «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдері қатысты.

– Елбасымыздың тапсырмасын орындау үш үлкен мәселенің түйінін шешуге мүмкіндік береді: мектеп бітірген жастар мемлекеттің қамқорлығын сезініп, бірден жұмыспен қамтылады; мамандық игереді және жаңадан ашылған кәсіпорындар жұмыс күшімен қамтамасыз етіледі. Бірде бір мектеп бітіруші біздің назарымыздан тыс қалмауы керек. Бұл қоғамға да, мемлекетке де өте пайдалы іс, – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Айта кетейік, партиялық жобаның аталған бағыты 2016 жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылып келе жатыр. Оның басты мақсаты – Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті деңгейді жинай алмаған мектеп түлектерін оқыту, жұмысқа орналастыру арқылы олардың өмірден өз орындарын табуға жағдай жасау.


Өткен жылғы жобаның статистикалық көрсеткіштеріне көз жүгіртер болсақ, ҰБТ-ға қатыспаған және шекті деңгейді жинай алмаған мектеп түлектерінің жалпы саны 54172 жасты құрады. Қайта тестілеудің арқасында 13514 түлек қазақстандық және 5820 түлек шетелдік білім беру орындарына оқуға оқуға түсті. Сондай-ақ, 22526 түлек Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарына және даярлау курстарына түссе, 1006 жас әскер қатарына шақырылған. Отбасылық себептерге байланысты 1408 түлек өз еріктерімен көмектен бас тартты. Шара соңында жобаның мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жасақталған жұмыс топтары Елбасы тапсырмасын жүзеге асыруға дайын екендерін жеткізді. Мектеп түлектерін әрқайсысын назарда ұстау үшін «Нұр Отан» партиясы тиісті министрліктермен бірлесіп арнайы жұмыс тобын құрды. Өз кезегінде аталған топ жағдайды ұдайы бақылауда ұстап, дер кезінде қажетті шараларды қабылдайтын болады. Бұл жұмыс еліміздің барлық аймағын қамтиды.