17-23 шілде күндері өтетін байрақты бәсекеге әлемнің 30 елінен 200-ге жуық теннисші қатысады. Олардың қатарында әлемдік рейтингтің ТОП-жүздігіне кіретін спортшылар да бар. Қазақстан намысын Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Дмитрий Попко және Камила Керімбаева қорғайтын болады. Т
урнир аясында 8-15 шілде аралығында «Керуен» ойын-сауық орталығында Қазақстан құрама командасының мүшелері шеберлік сабақтарын өткізеді. Дәл осы күндері, яғни 17-23 шілдеде «Astana Masters 12& under President's Cup» балалар теннисі және әуесқой теннисшілер арасында «AstanaOpen» турнирі де өтеді.