"Елорда басшылары, қала әкімі мен орынбасарларынан бастап, аудан әкімдері мен орынбасарлары аптасына бірнеше рет, сондай-ақ басқарма, қала ведомстволары мен құрылымдық бөлімшелер басшылары күніне бір рет қоғамдық көлікті пайдалануы тиіс", — деді Исекешев бейсенбі күні жиналыста.
Маусым айының ортасында ЭКСПО-2017 кезінде көлікпен қамтамасыз ету және қаладағы жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өткен жиналыста Астана әкімі қалалық автобустардың қызмет көрсетуін қатаң бақылауға алуға уәде берген еді.