Алайда замандас-досы, тіпті, бірге дуэт айтқан әріптесі болса да, Мәдина Сәдуақасова Мейрамбектің көзіне тіке қараудан ұялатынын айтты.
«Мейрамбектің көзіне тік қарай алмаймын. Неге екенін өзім де білмеймін», – деді Сәдуақасова ағынан жарылып.
Өз кезегінде желі оқырмандары ибалы да инабатты қазақ қыздарының қашаннан ер адамның көзіне тік қарамағанын жазып жатты.
“Жарайсың Мәдина, Қызылорданың қызы дегенмен тәртіпті ғой”, “Сіздің сыпайылығыңыз бен сыйластығыңыз”, “Ол Мейрамбек ағасын сыйлағандық”, “Әрине Мейрамбектей өнер иесімен дуэт құру. Мысы басқан шығар, ұяңдық та бар”, “Қазақ қызына тән сыпайылық, құдіретті әншіге – Мейрамбекке деген құрмет болар”, “Дұрыс, бұл сіздің тәрбиеңіз бен ұялшақтығыңызды білдіреді”, – деп пікір білдірді желідегілер.