Қазақстан Нигермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты
Қазақстан Республикасы мен Нигер Республикасы дипломатиялық қатынастар орнатты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
22 Қыркүйек 2017
258
Фото - Caravan.kz
Тиісті бірлескен коммюникеге екі елдің сыртқы істер министрлері — Қайрат Әбдірахманов пен Ибрагим Якубу Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының аясында қол қойды.
Нигер Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 183-ші мемлекет болды.