Қалалықтар қар жауған сәттің фотосымен жарыса бөлісіп жатыр. 23 қыркүйекте қардың жауатынын күтпеген тұрғындар қарға аса қуана қоймады. Айта кетерлігі, синоптиктер демалыс күндері елімізде үсік жүріп, күн суытатынын ескерткен.
13 қыркүйек күні алғашқы қар Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын таң қалдырған болатын.