ҚР СІМ Ресейдегі ірі жол апатында қазақстандықтар қаза болды деген ақпаратты тексеруде - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Ресейдегі ірі жол апатында қазақстандықтар қаза болды деген ақпаратты тексеруде

ҚР СІМ Ресейдегі ірі жол апатында қазақстандықтар қаза болды деген ақпаратты тексеруде

ҚР Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Ресей Федерациясының Владимир облысында болған ірі жол апатында қазақстандықтар қаза болды деген ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

  • 6 Қазан 2017
  • 344
Фото - Caravan.kz

«Ақпарат тексеріліп жатыр, оқиғаның жай-жапсары анықталуда», — деп мәлімдеді телефон арқылы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Еске сала кетейік, Владимир облысының Покров стансасында пойыз бен жолаушылар автобусының соқтығысуынан 16 адам көз жұмды деп хабарлаған болатын Покров әкімшілігінің басшысы Вячеслав Аракелов. «Қазіргі мәліметтер бойынша 16 адам мерт болған, 34-і аман, тағы екі бала жансақтау бөлімінде жатыр, 12 адам «жедел жәрдеммен» ауруханаға жеткізілген», — деді Аракелов.