Ақмола облысының тұрғыны ауылдасын бопсалап, 500 мың теңге талап еткен, – деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.
ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен 13 қазанда 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған. Ер адам 25 жастағы ауылдасынан қорқыту және бопсалау жолымен 500 мың теңге талап етіп, керісінше жағдайда оның тұрмыстағы әйелмен төсектес болғанын жария қылатынын айтқан.
Оқиға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, 1 тармағына (қорқытып алу) сай сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Азамат 4 жылға бас бостандығынан айырылуы немесе айыппұл салынуы мүмкін.