Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Мысырда демалып жүрген танымал қоғам қоғам оқыс жағдайға ұшырады. Көргендердің айтуынша, шомылып жүрген қазақстандық су қоршауының сыртына шығып кеткен. Сол маңдағы моторлы қайық оны соғып өте шыққан.
Жарақаттанған Аружан ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғаны, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
«Қымбатты достарым! Менің жағдайым қалыпты. Қолдарым сынған және бірнеше болмашы жара. Жазылады! Қазір гипс салынады. Анық-қанығы соңынан», — деп жазды Аружан Сайын өзінің Facebook-тегі парақшасында.