Алматыда көпірден құлаған жігіт өлім аузында жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көпірден құлаған жігіт өлім аузында жатыр

Алматыда көпірден құлаған жігіт өлім аузында жатыр

Көпірден құлаған жігіт өте ауыр жағдайда ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 16 Қазан 2017
  • 191
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Қазір науқас №7 аурухананың жансақтау бөлімінде 2-дәрежелі комада жатыр.

Түскен кезде аурухананың мультидисциплинарлық командасы науқасты қарап, барынша көмек көрсетті.

Оның басы жарылған, көкірек қуысының ағзалары мен өкпелері зақымданған, бас сүйегі сынған. Жігіт жарақаттан кейін 3 дәрежелі шок алған.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 13-қазанда болған еді. Саин көшесіндегі көпірден ер адам құлап кеткен еді. http://www.inform.kz/kz/almatyda-kopirden-adam-kulap-ketti_a3074793


Полиция оқиғаның мән-жайын тексеруде.