Павлодарда Германия азаматы балаларды алдап, пәтеріне кіргізбек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда Германия азаматы балаларды алдап, пәтеріне кіргізбек болған

Павлодарда Германия азаматы балаларды алдап, пәтеріне кіргізбек болған

63 жастағы шетелдікке қатысты «Кәмелетке толмағандарды азғындатуға оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргі

  • 16 Қазан 2017
  • 201
Фото - Caravan.kz

63 жастағы шетелдікке қатысты «Кәмелетке толмағандарды азғындатуға оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Руслан Оспановтың айтуынша, Германия азаматы Павлодарда жалдап тұрып жатқан пәтеріне мектеп оқушыларын әкелмекші болған. Бұл туралы Whatsapp мессенджерінде мектеп оқушысының бірінің анасы белгісіз ер адамның тағы екі баламен бірге пәтеріне алып кірмекші болғанын хабарлаған. Әйелдің айтуынша, оның төртінші сынып оқитын қызы мен оның достары үйлеріне қайтып келе жатқан. Жолда оларға ер адам кездесіп, олардан ұялы телефон сатып алу үшін дүкен көрсетулерін сұрайды. Балалар келісіп, ер адам оларға балмұздақ алып береді. Телефон сатып алғаннан кейін ер адам оларды көлігіне отырғызып, алып кетеді. Балалар онымен бірге тоғызынша қабатқа көтеріледі. Ер адам пәтерлердің бірінің қоңырауын басады, алайда есікті ешкім ашпайды. Ол сыра сатып алады. Бұл туралы хабарлаған әйелдің айтуынша, «ол балаларға ішімдік ішкізбекші болған». Балалар қашпақшы болып, лифтке мінеді. Бірақ, ол бірінші қабатта тоқтап қалады. Белгісіз адам оларды қуып жету үшін баспалдақпен түседі. Оқушылар қорыққанынан жылайды. Лифттің есігіне тағы бір бойжеткен келеді. Ересек адам оған лифтте өзінің балаларының жылап жатқанын айтып, есік ашылғанда алып кететінін жеткізген. Қыз сыртқа шығып, ата-анасына хабарласады. Оның әкесі белгісіз ер адамды өзі ұстап алады. Ол полиция келгенге дейін ер адамды ұстап тұрады. ІІД ер адамның 1954 жылғы Германия азаматы екенін хабарлады.



 

Соңғы жаңалықтар