Ақмола, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-23 м/с. Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, күндіз Павлодар облысында желдің екпіні — 15-20 м/с. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 23-28, оңтүстік-батысында 30 м/с асады.