Бұл оқиға, мамандардың айтуынша, Пирамидалар еліндегі экстремистердің ең ірі лаңкестік әрекеттерінің бірі болды. Өлтірілгендердің қатарында арнайы жасақтың және Мысыр Ұлттық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бар. Қауіпсіздік қызметкерлері Каирден 130 шақырымда, құмды шөлде бұрын Мысырда болған терактілерге қатысы бар лаңкестік ұйымды жою операциясын жүргізіп жатқанда тұтқиылдан жасалған шабуылға тап болған. Қазірде әскерилер мен полицияның біріккен күштері қақтығыс аймағын тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.