Жолаушылар тасымалы туралы ереже мен көлік заңын өрескел бұзғандар қызметінен шеттетіліп, орнына басқа мекемелер тартылып жатыр, — деп хабарлайды Хабар 24.
Мұның барлығы автобустар қозғалысын ғарыштық жүйе арқылы көріп отырудың нәтижесінде жүзеге асты. Қалалық жолаушылар тасымалын бақылау орталығына арнайы бағдарлама сатып алынып, 400-ден астам автобусқа қондырғы қойылған. Онда көліктердің жүру жиілігі мен жылдамдығы нақты қадағаланады. Сонымен қатар мамандар қоғамдық көліктердің тазалығын да тексеріп тұрады. Қазір қаладағы 50 бағыт бойынша жолаушылар тасымалымен 7 кәсіпорын айналысады.
– Егер жиілігі 70 пайыздан төмендеп кететін болса, оны сот арқылы немесе біржақты келісімшартты бұзу арқылы бөлім, әкімдік қайтадан қайтарып ала алады. Оның мысалы ретінде жақында 8,10-бағыт солар қайтарылды. Басқа тасымалдаушыларға берілді. Сонымен қатар 22,24,43, 5, 45 және 37-бағыттардың барлығы басқа тасымалдаушыларға тапсырылды, — деді жолаушылар тасымалын бақылау орталығының директоры Бейсенғазы Тастекеев.