Құлмурзин: бізге 10 күн беріңіздер, АИ-95 мәселесі реттеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құлмурзин: бізге 10 күн беріңіздер, АИ-95 мәселесі реттеледі

Құлмурзин: бізге 10 күн беріңіздер, АИ-95 мәселесі реттеледі

Бүгінгі таңда көлік иелері АИ-95 жанармайын сатып алуда қиындық көріп жүр, бірақ жақын арада жағдай түзеледі, деп сендірді "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС бас директоры Қуандық Құлмурзин

  • 10 Қараша 2017
  • 182
Фото - Caravan.kz

"АИ-92 бойынша ахуалдың күрделенуіне байланысты зауыттарымыз 95-тің көлемін азайтып, негізінен 92 өндіруге мәжбүр. Қазір зауыттар АИ-95 бензині өндірісін біртіндеп қалпына келтіріп жатыр, үш-төрт күн ішінде жеткілікті мөлшерде шығарылып, ішкі нарыққа жөнелтіледі", — деді Құлмурзин БАҚ сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, "ҚазМұнайГаз Өнімдері"  15 мың тонна АИ-95 бензинін Астана мен Алматы және басқа да қалалардың жанармай бекеттеріне жеткізбек.