Ішімдік сату талаптарын бұзған оралдық кәсіпкерлер 2,3 млн астам теңге төлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішімдік сату талаптарын бұзған оралдық кәсіпкерлер 2,3 млн астам теңге төлейді

Ішімдік сату талаптарын бұзған оралдық кәсіпкерлер 2,3 млн астам теңге төлейді

Алкогольды өнімдер өткізу талаптарын бұзғаны үшін Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік соты салған айыппұлдың жалпы мөлшері 2 млн 349,302 мың теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

  • 15 Қараша 2017
  • 172
Фото - Caravan.kz

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңы 9-бабына сәйкес мейрамхана, бар, кафелерден басқа жерлерде сағат түнгі 23.00-ден келесі күнгі 08.00-ге дейін алкоголь өнімін сатуға тыйым салынғаны белгілі. Осы заңдылықты бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 200-бабы 3-бөлігіне сәйкес биыл 26 кәсіпкер жауапқа тартылды. Кәсіпкерлік нысандарының санаттарына байланысты оларға 22 690 теңгеден 181 520 теңгеге дейін айыппұл салынды.

Қазіргі таңда соның 992 440 теңгесі ғана ерікті түрде төленген. Қалғаны мемлекет пайдасына мәжбүрлі түрде өндірілуде.