Ауғанстанда содырлардың қонақүйге шабуылы барысында қазақстандық азамат көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстанда содырлардың қонақүйге шабуылы барысында қазақстандық азамат көз жұмды

Ауғанстанда содырлардың қонақүйге шабуылы барысында қазақстандық азамат көз жұмды

 

  • 22 Қаңтар 2018
  • 229
Фото - Caravan.kz

Ауғанстанда қайғылы оқиға болды. Түнде қарулы содырлардың ел астанасы Intercontinental қонақүйіне шабуылы барысында Қазақстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Еліміздің сыртқы істер министрлігі баспсөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың мәліметінше мерт болған отандасымыз 40 жаста болған.

Сондай-ақ Әнар Жайнақовтың әлеуметтік желідегі жазбасында қазіргі кезде қазақстандық дипломаттар мен Ауғанстан қауіпсіздік қызметі және Сыртқы істер министрлігі өкілдері арасында мәйітті елге әкелу мәселесінің талқыланып жатқаны айтылған.