Атырауда «103» нөміріне соғылған қоңырау Ақтауға түсіп кетіп жатыр Алматы облысында аяздың салдарынан бірнеше елді-мекен сусыз қалды ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қайғылы оқиға 26 қаңтарда Астрахан ауданының Таволжанка ауылында орын алған. Сот-медициналық сараптама қорытындысы көрсеткендей қайғылы оқиғаға төсекте жатып темекі шегу себеп болған. «Шала сөндірілген темекі тұқылынан шыққан өрт пен түтінен (көмірқышқылы газы ) əйел адам оқиғаға орнында қайтыс болса, оның күйеуі ауруханада көз жұмды», деп мәлім етті облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнəр Пинчук. Ал, өзге бөлмеде ұйықтап жатқан баланы үйдің іші түтіндеп жатқанын бірінші байқаған әрі көмекке келген көршісі құтқарып қалды.