ҚР БҒМ жаңа оқулықтарды қоғамдық талқылауға ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР БҒМ жаңа оқулықтарды қоғамдық талқылауға ұсынды

ҚР БҒМ жаңа оқулықтарды қоғамдық талқылауға ұсынды

Сараптамадан өтіп жатқан 3, 6 және 8 сыныптарға арналған оқулықтарды порталға орналастырды.

  • 26 Ақпан 2018
  • 223
Фото - Caravan.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында 2018-2019 оқу жылы қолданысқа енгізілетін оқулықтардың алдын ала нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Хабар 24.

«ҚР БҒМ «Оқулық» РҒП орталығы қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқан 3, 6 және 8 сыныптарға арналған оқулықтардың «Қоғамдық бағалау» порталына орналастырылғанын хабарлайды», делінген хабарламада.

«Қоғамдық бағалау» порталы оқулықтар сапасы бойынша ата-аналар мен педагогтардың пікірлері мен ұсыныстарын қабылдауға арналған. Келіп түскен сын-ескертпелер, сондай-ақ кітаптардың сапасы мен мазмұнын жақсартуға қатысты ұсыныстар оларды өңдеу кезінде назарға алынатын болады.