Серікбол Сайлаубек Қытайға ұрығыңды сатып жүрсің деген журналиспен төбелесіп қала жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серікбол Сайлаубек Қытайға ұрығыңды сатып жүрсің деген журналиспен төбелесіп қала жаздады

Серікбол Сайлаубек Қытайға ұрығыңды сатып жүрсің деген журналиспен төбелесіп қала жаздады

Серікбол Сайлаубек намысына тиіп кеткен журналисті орнына қойды. Ол “ұрығыңызды қытайларға сатады екенсіз” деген тілшінің сөзіне шамданып, оны “топасқа” теңеді.

  • 5 Наурыз 2018
  • 1264
Фото - Caravan.kz

Әнші келесі жолы мұндай сұрақ қоймауын талап етіп, орнынан тұрып кетті. Оқиға Нұрсейіт Жылқышыбайдың “Ұнамаса қарама” атты бағдарламасында орын алған.

Сұхбат кезінде журналист: “Аспан асты еліне ұрық сатады деген әңгіме шығып жатыр. Ұрық көп па сонда сізде? Қаншаға сатып жүрсіз?” – деп өреске сұрақ қойды. Оған Серікбол ашуланып: С.Сайлаубектің концертінде өрт шықты

“Сұрақтарың өзің сияқты біртүрлі екен. Мен енді бақа-шаян жейтіндерге ұрығымды сатып жүрейін. Не сұрақ қойып отырғаныңды өзің ойлансай. Мен екі дүниеде де қытайларға ұрығымды сатпаймын. Сататын ойым да болмаған. Сен адамның намысына тиетіндей сөздер айтпа…

Сен қазақтарды сатылады деп ойлап жүрсің-ау деймін. Серікболдың есі дұрыс емес деп ойлайсың ба? Маған келесі жолы ондай сұрақ қоймаңдар”, – деген Серікбол орнынан тұрып кеттіі.

Сұхбат барысында Серікбол өзіне тиісе берген ойыншық аю кейпіндегі бойжеткенге қол көтеріп, итеріп құлатты. Алайда ол бұл әрекетін аю ішінде ер адам болуы мүмкін деген болжамымен түсіндірді. Ақырында қыздан кешірім сұрап:

“Кешір, айналайын! Бірақ келесі жолы мына журналистпен жұмыс істеме! Адамның ойына келмейтіндей “топастардың” сұрағын қоятын бағдарламада отырудың қажеті жоқ”, – деді ол.


Ал хабар соңында әнші тілшімен білек күшін сынасып көреді. Әйтседе ашулы Серікбол журналистен жеңіліп қалды. 

 

Басқа мақалалар:

200 теңгелік әжетхана бағасы Қазнетті шулатты 
Алматылық жастар “Қалаулым қалсын” деген ұранмен видеоүндеу жолдады 
Салық жүктемесі 10 есе қысқартылсын – Елбасы