Алматылық жастар “Қалаулым қалсын” деген ұранмен видеоүндеу жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық жастар “Қалаулым қалсын” деген ұранмен видеоүндеу жолдады

Алматылық жастар “Қалаулым қалсын” деген ұранмен видеоүндеу жолдады

Бір топ алматылық жастар «Қалаулым» бағдарламасының жабылуына қарсылық білдіріп, видеоүндеу жолдады. Олар желіде «I love Kalaulym» хэштегімен қолдау көрсетуде.

  • 5 Наурыз 2018
  • 471
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды.

Олардың айтуынша, көпшіліктің талқысына түскен бағдарлама өзекті мәселелерді шешіп жатыр.

Жастар желіде «I love Kalaulym» хэштегімен қолдау көрсетуде.

«Қалаулым» қазақ телекеңістігіндегі резонанс тудырған жоба. Біз Алматы жастары қоғамдағы өзекті мәселелерді шешіп жатқан бұл бағдарламаны жабылуына қарсымыз. Себебі, «Қалаулым» шынайы қоғамның айнасы. Оны жабу өз кемшілігімізді жасырумен тең. Бұл бағдарламаның мектеп жасындағы балаға да, жетпіске келген қартқа да берері бар. Біз instagram әлеумметтік желісінде қалаулымды қолдау мақсатында  «I love Kalaulym» хэштегімен өз қолдауымызды білдіреміз. «Қалаулым» қалсын»,   –  деп ұрандатты бір топ жас.

Оқи отырыңыз:

"Қалаулым" біздің менталитетімізге сай келеді — Бағым Мұхитденова

“Қалаулымға” қарсы отандық жұлдыздар желіде флешмоб бастады.

Соңғы жаңалықтар