Ер адамның әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек - Баян Алагөзова - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ер адамның әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек - Баян Алагөзова

Ер адамның әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек - Баян Алагөзова

Баян Алагөзова зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдердің өмірінен алынған шынайы оқиғалар желісінде 10 фильмнің түсіріліп жатқанын айтты. 

  • 7 Наурыз 2018
  • 1426
Фото - Caravan.kz

Баян Алагөзова The Эфир жобасына қатысып, жүргізуші Фима Ивановтың бірнеше сұрағына жауап берді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Танымал продюсер өз өмірі және табысқа кенелудің жолдары және әйелдер мен ерлердің тең құқылы болуы үшін күресіп жүргенімен бөлісті. 

Баян Алагөзова тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерді қорғау үшін жылына миллиард теңге қажет екенін айтады. 

"Кітабымның 100 мың данасын сатқан күннің өзінде барлық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерді қорғауға қаражат жетпейді. Орталықтар жұмыс істеу үшін, сол әйелдерді қорғау үшін қанша қаражат керек дегенді есептегенімде, шығын мөлшері — жылына миллиард теңгеге таяп қалады екен. Себебі, мен арнайы мамандарды тарттым, команда жинадым. Қанша қаражат керек, не үшін қажет, мамандар саны қанша болуы керек, олар қалай көмектесуі керек дегенді қорытындылай келе осыншама қаражаттың шығын болатыны белгілі болды. Бұл ойымды тастаған жоқпын, ысырып қойған жоқпын. Маған жәбір көрген әйелдерді құтқару үшін жылына миллиард теңге табыс керек", — дейді продюсер. 

Сонымен қатар, ол зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдердің өмірінен алынған шынайы оқиғалар желісінде 10 фильмнің түсіріліп жатқанын айтты. 

"Барлығымыз осындай дүниелерге көз жұма салғанды жөн көреміз. Әйелін ұрып жатыр ма өз ісі ғой деп қана қоя береміз. Қазіргі уақытта біздің команда 10 фильм түсіреді, онда шынайы өмірден алынған оқиғалар болады. Youtube желісіне жүктейміз. Миллиардты сол жерден де табамыз. Құқық қорғау органдарын да осы мәселеге жіті қарауға шақырамын. Болашақта ер адамның әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек. Әйелді ұруға ешкімнің қақысы жоқ", — дейді ол. 

Сондай-ақ, Баян Мақсатқызы тоқал мәселесі мен ұлтымыздың бұрынғы ғұрыппен, әдеппен қалып қойғаны жайында айтты. Продюсер құрған тобындағы қыздардың жігіттердің жабық кешінде өнер көрсеткені, KeshYou тобының және рэпер Baller-мен орындаған жаңа туындысының сынға ұшырағанына жауап қайтарып, Айжан Байзақованы бостандықта жүрген жылқыға теңеді.  


 

Оқи отырыңыз:

Баян Алагөзова қалың халыққа не себепті ортаңғы саусағын көрсеткенін түсіндірді

Баян Мақсатқызы “КешYou тобының қыздарын қалталы азаматтарға сатады” дегендерге жауап берді

Баян Есентаева жәбір көрген әйелдерді қорғайтын ұйым құрмақ

Баян Есентаеваның жазылғаннан кейінгі суреті жария болды