Комаға түскен сүйіктісін аяққа тұрғызған қазақ жігітінің оқиғасын Жан Ахмадиев айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Комаға түскен сүйіктісін аяққа тұрғызған қазақ жігітінің оқиғасын Жан Ахмадиев айтып берді

Комаға түскен сүйіктісін аяққа тұрғызған қазақ жігітінің оқиғасын Жан Ахмадиев айтып берді

Жанболат Еділбаев пен Фариза Нұрпейістің хикаясы туралы рэпер Жан Ахмадиев айтып берді.

  • 20 Наурыз 2018
  • 1056
Фото - Caravan.kz

Ернар Айдардың бейнебаянында басты рөлді сомдаған Марлен мен Әнелдің хикаясы барша қазақстандықтарға аян. Жұрт ауыр дертке қарсы күрескен қос ғашықты бүгінгінің Қозы мен Баянына теңейді, олардан үлгі алады. Елімізде осыған ұқсас оқиғалар жиі кездеседі. Мәселен, Жанболат есімді мына жігіт жол апатына ұшырап, комаға түскен сүйіктісінен бір елі алыстамаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Жанболат Еділбаев пен Фариза Нұрпейістің хикаясы туралы рэпер Жан Ахмадиев айтып берді.

“Шынайы махаббатқа тек əйелдер қауымы сенеді. (Еркектердің идеологиясы) Ал, бізде сол баяғы сасық кеуде, керме көкірек. Мен де сондай едім. Жанболат деген жігітпен танысқалы бұл ойым 360 градусқа өзгерді. Неге дейсіздер ме? Себебі Жанболат сүйгені үшін соңғысын беретін бала. Өткен жылы бұл жігіттің жүріп жүрген сұлуы Фариза жол көлік апатына ұшырап, өлім аузынан қалған еді. 7 күн “комада” болған Фаризаның айығып кететініне ешкім де сенбепті.

Тек Жанболаттың жүрегінде ғана жалыны сөніп бара жатқан үкілі үміт қалған. Досымның тілегі Аллаға жетіп, Фариза өмірге қайта оралды. 5 мəрте ота жасалса да, Фариза Жанболатты 3 ай бойы танымапты. Оған да мойымаған  досым қызметін тастап,  ауруханада түнеді. Мойындау керек, сынақта сынбады, Фариза ауырса құлады, бірге жылады. (шын айтамын, өзім көрдім). Міне, содан бері Жанболат пен Фаризаның жұбы жазылмай келе жатыр. Өткен жылы заңды некеге тұрып, той жасады”, – дейді Ахмадиев.


Жанболат пен Фаризаның хикаясын мысалға келтірген Ахмадиев әйелдерді уақытында қадірлеуге шақырды.

“Əу, жігіттер! Мойындайықшы, біз де үйдегі катынымызды сүйеміз (тек айтпаймыз). Бəріміз шынына келгенде жақсымыз. Тек үйде жақсы екенімізді көрсетуден арланамыз. “Ойбай подкаблук емеспін” деп намыстанып қоямыз. Сонда сүйем деп үйленген əйелімізді құрметтеу ұят дүние ме не? Жоқ! Əйелді сабау немесе оған себепсіз дауыс көтеру — Вот намыссыздық деген. Бізді құртатын өзімшілдік. Əйеліміз ауырса, далаға қашамыз.  Дəрі алатын ақшаны далаға шашамыз. Үнемі бір “косяк” істеп жүреміз. Осы “косячитетпей” жүріп көрсек қалай болады екен өзі а? Бір апта шыдап көрейік. Жаман болмаспыз. Жаман болып кетсең менің бетіме келіп түкіріп кет”, – деді ол.

Оқи отырыңыз: 

Тәжікстанда хиджаб, қысқа етек және галош кимеуді ұсынды

Дональд Трамп халықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

ОҚО-да 1,5 ай бұрын суға ағып кеткен баланың денесі енді табылды