ОҚО-да 1,5 ай бұрын суға ағып кеткен баланың денесі енді табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да 1,5 ай бұрын суға ағып кеткен баланың денесі енді табылды

ОҚО-да 1,5 ай бұрын суға ағып кеткен баланың денесі енді табылды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс өзеніне ағып кеткен 7 жасар баланың мәйіті енді ғана табылды.

  • 20 Наурыз 2018
  • 111
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды. 

Еске салсақ, Отырар ауданы Шәуілдір ауылында жыл басында 2011 жылы туған бала ойнап жүріп, өзенге құлап кеткен болатын. Оның денесін іздеген құтқарушылар ұзақ уақыт бойы таба алған жоқ.

Іздеу жұмыстарына ОҚО ТЖД және оның аудандық бөлімі, полицейлер, жергілікті атқарушы билік және баланың туыстары атсалысқан. Құтқарушылар марқұмның туыстарының өтінішінен кейін судың астына 1,5 айда 7 рет сүңгіп көрген екен. 15 наурызда іздеу жұмыстары нәтижесін беріп, баланың денесі су астынан шығарылды.

Оқи отырыңыз:

Оңтүстік Қазақстанда жеті жасар бала суға ағып кетті

Жамбыл облысында жасөспірім суға кетіп қайтыс болды

 

 

Соңғы жаңалықтар