«Орамалды қазақы үлгімен тағу керек»: Нұржан Керменбаевтың хиджаб киген әйелі сын астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Орамалды қазақы үлгімен тағу керек»: Нұржан Керменбаевтың хиджаб киген әйелі сын астында қалды

«Орамалды қазақы үлгімен тағу керек»: Нұржан Керменбаевтың хиджаб киген әйелі сын астында қалды

Танымал отандық әнші Нұржан Керменбаев әйелімен бірге түскен суретін Instagram әлеуметтік желісіне жүктеп, жұрттан біраз сөз естіп қалды.

  • 6 Сәуiр 2018
  • 226
Фото - Caravan.kz

Желі қолданушылары жас келіннің хиджаб кигеніне көңілдері толмай отыр. Айта кетейік, Нұржан үйленгелі бері көпшілікке жан жарын алғаш рет көрсетті.

Әнші Instagram-парақшасына жүктеген суретіне «Әйелдердің ең жақсысы өз үйін мешіт ете алғандар. Ахмет ибн Ханбал» деп жазба қалдырған. Оның оқырмандары болса келіншектің сұлулығынан гөрі киген киімін көп сөз етті.

Желі қолданушылары Нұржан Керменбаев пен оның әйеліне арабтарға еліктемей, қазақы жолмен жүруге кеңес берген. Яғни олардың бірі орамалды қазақтың келіндері секілді тағып, хиджабқа оранбауға шақырса, өзгелері Нұржанды "сақал жіберіп, балағын қысқартып ал" деп мұқатыпты.

Оқи отырыңыз:

«Мені жабылып ұрғанда аядың ба»? Қазақ жігіттері бір-бірін аяусыз соққыға жықты

Айнұр Тұрсынбаева: Жан Ахмадиев танымал адам емес, сол себепті қамшымен сабағанын қолдамаймын

YouTube тарихындағы ең танымал бейнебаян 5 миллиард рет қаралды