Айнұр Тұрсынбаева: Жан Ахмадиев танымал адам емес, сол себепті қамшымен сабағанын қолдамаймын - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айнұр Тұрсынбаева: Жан Ахмадиев танымал адам емес, сол себепті қамшымен сабағанын қолдамаймын

Айнұр Тұрсынбаева: Жан Ахмадиев танымал адам емес, сол себепті қамшымен сабағанын қолдамаймын

YouTube-те жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен қуып жүрген танымал рэпердің видеосы жарияланған еді

  • 6 Сәуiр 2018
  • 309
Фото - Caravan.kz

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жезөкшелерді қамшымен сабаған рэпер Жан Ахмадиевтің видеосына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Шынын айтсам, мен Жан Ахмадиевті танымайды екенмін. Өткенде маған бір кісі жазыпты "қазақтың қыздарын қамшымен ұрып жатыр, сіз неге инстаграмда соған үн қоспайсыз?" деп. Мен айттым: " айдаладағы жезөзекшелерді біреу барып қамшымен ұрады екен, неге мен оны өзімнің әлеуметтік желімдегі парақшама салуым керек. Неге  мен оны насихаттауым керек. Жезөзекше кім, ана жігіт кім? Екеуін де танымаймын. Мәселен, егер Сәкен Майғазиев, болмаса Қыдырәлі Болманов немесе Мейрамбек Беспаев сияқты өнерге үлесін қосқан жігіттер шығып, "біз осылай бас көтереміз, мынадай бассыздыққа жол бермейміз" десе түсінемін. Олар азамат ретінде қалыптасты, өнерге үлесін қосты, ел алдында жүрген тұлға. Ал мына кісіні танымаймын. Мүмкін, атақ шығару деп қабылдау керек шығар", — деді айтыскер ақын ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. Рэпер Жан Ахмадиев Алматының көшесінде тұрған Шымкенттік жезөкшелерді қамшымен сабады

Еске салып өтсек, YouTube-те "жезөкшелерді қамшымен қуып жүрген" рэпердің видеосы жарияланған еді. Бейнежазбада Жан Ахмадиев қаланы аралап жүріп, жолдың шетінде тұрған жезөкшелермен сөйлеседі. Әңгіме барысында ол кенеттен қамшы алып шығып, қыздардың бірін сабай бастайды. Қазнетті "жарған" видео қазіргі уақытта YouTube желісінен өшірілген. Кейінірек ішкі істер министрлігі видеоны тексеріп, рэпер Жан Ахмадиев көшедегі әйелдерді қамшымен сабамағаны анықталды. Ол видеоға әйелі мен таныстарын түсірген екен. 


Ұқсас тақырыптар:

Көшеде қамшы алып, жөзекшелерді сабағанша, сол қыздарға барып жүрген еркектерді сабау керек

Жауапқа тартылмаса көшеге шығып бәрін боқтаймын — Байзақова Жан Ахмадиевті сынап тастады

Соңғы жаңалықтар