Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап хабарлайды.
Таяуда әлеуметтік желілерде әйелдің кішкентай баланы оңдырмай сабаған видеосы тараған еді. Әйел баланы тепкілеп, оған қолымен соққы жасайды. Видеодан әйелдің қолында пышақ барын байқауға болады.
"ІІМ видеожазбада баланы ұрып-соққан әйелді анықтау үшін барлық қажетті шараны жүргізіп жатыр. Видео Instagram желісінде жарияланған. Барлық мән-жайы анықталғаннан кейін видеодағы тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", — деп хабарлады Алмас Сәдубаев.