Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бұйрық жарияланған. Министрліктің бұйрығына қоса берілген қосымшада мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ЖОО-ларда жоғары білімі бар мамандарды, магистрлерді, PhD докторларын даярлауға арналған квоталар көрсетілген.
Сондай-ақ, 2018-2019 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 53 594 грант, магистрлерді даярлауға 12 504 грант, PhD докторларын даярлауға 2 240 грант бөлінгені айтылады.
2018-2019 оқу жылына арналған күндізгі оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2018-2019 оқу жылына магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2018-2019 оқу жылына PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы. Тізімді мына жерден көре аласыздар.
Оқи отырыңыз:
Киімнің түсін жұлдызнамаға сәйкес таңдаңыз!