Семейде дәмхана қызметкерлері келушіні ұрып-соққан - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде дәмхана қызметкерлері келушіні ұрып-соққан

Семейде дәмхана қызметкерлері келушіні ұрып-соққан

Оқиға 28 маусым күні Семейдің жазғы дәмханаларының бірінде орын алған екен.

  • 4 Шiлде 2018
  • 9
Фото - Caravan.kz

Зардап шеккен келушінің айтуынша, дәмхананың әкімшісі мен аспазы оны соққыға жығып, қолы мен мойын тұсын тырнап, жарақаттаған. Сондай-ақ, ұялы телефонын тартып алыпты, деп хабарлайды altaynews.kz.

Қызметкерлердің мұндай әрекетке баруына келушінің ішкен тамағына ақша төлемеуі себеп болып отыр. Ол дәмханадан 40 мың теңгеге түстенген екен.

Бұл оқиға бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.