Бір апта бұрын үйінен шыққан ол сол күйі қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шығыс кентіндегі 6-шы саяжайда тұратын Сымбат Мұқатаева 23 шілде күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қазір жасөспірім қызды полиция қызметкерлерімен қатар еріктілер де іздестіріп жатыр. Бірақ еш хабар жоқ. Ата-анасы мен достары да оның қайда кеткенінен бейхабар. Сымбаттың бойы — 160 см, көзі — қоңыр, шашы қара, оң жақ ернінің астында меңі бар. «Еріктілерден құрылған топ мүмкіндігінше іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ нәтиже жоқ. Егер Сымбат туралы қандай да бір ақпарат білетін болса, 102 немесе 8-747-430-10-74, 8 707-260-98-12, 8 747-790-76-11, 8 747-349-57-17, 8 747-430-10-74 телефон нөміріне хабарласуын сұраймыз», — дейді "RINA. KZ-Семей" еріктілер қозғалысының жетекшісі Евгения Павел.