Ұшқыш әйелдер саны көп мемлекет анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұшқыш әйелдер саны көп мемлекет анықталды

Ұшқыш әйелдер саны көп мемлекет анықталды

Әлем бойынша ұшқыш әйелдер 5%-ды құрайды.

  • 9 Қыркүйек 2018
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық Авиация ұшқыштары қауымдастығының мәліметтері бойынша, Үндістан әйел ұшқыштардың саны бойынша бірінші орында тұр.

Қауымдастықтың хабарлауынша, әлем бойынша 5% ұшқыш әйелдер болса, Үндістанда бұл көрсеткіш 13%-ға жуық, яғни Ұлыбритания (4,77%) және АҚШ-ты (4,36%) қосқандағы еуропа мемлекеттеріне қарағанда екі есе көп.

2012 жылы Үндістан гендерлік теңдік бойынша ең нашар дамыған жиырма мемлекеттің қатарында болған. Сондай-ақ, Үндістан қазіргі уақытта авиациялық нарығы жылдам дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі.