Тоқты
Бұл белгіде туылған адамдар сырт көзге достыққа өте бейім, бауырмал көрінеді. Кез келген әділетсіздікте бар ынты-шынтысымен шындықты іздеп, бар білгенімен бөлісіп, қызу талқылаудың көркін келтіруі мүмкін. Тоқтылар өз ойын үнемі тіке айтады.
Торпақ
Бір топ адамның арасынан көп сөйлемейтін адам көрсеңіз, ол – Торпақ. Онымен жақын араласпайынша, сөзге шорқақ адам деп ойлауыңыз мүмкін. Өте салмақты, көп нәрсеге былқ ете қоймайды. Сирек ашуланады, өзіне ешкімнің жөнсіз жанасқанын қаламайды. Қазбалай берсеңіз, тым қатты ашулануы мүмкін. Ашуланғанда, жолына кезіккенді қиратуы мүмкін. Бір жақсысы, бұл – өте сирек болатын жайт. Өте тартымды болады. Сүйгенін қызғанып, артынан аңду дегенді білмейді.
Егіздер
Сіз үшін, әсіресе, күннің екінші жартысы табысты болмақ. Алғашқы жарты күнде көп уақытыңызды отбасыңызға бөліңіз. Сонымен қатар оқуға, саяхат жасап, демалуға көптеген мүмкіндіктер туады. Мүмкін емес деген нәрселердің өзін еш қорықпастан армандаңыз,бұл күн сол армандар орындалатын сәтті күн болмақ. Шешім қабдылдауда шорқақтық танытпаңыз. Өміріңізге кедергі жасайтын, түкке де керегі жоқ дүниелерден арылыңыз.
Шаян
Жоқтық ұят емес, байлық мұрат емес деп бабаларымыз айтқандай өзіңізді, өмірдегі орныңызды, сүйген жарыңызды, мақсатыңызды іздеуді жалғастырыңыз. Айналаңыздағылардың сенімсіздіктеріне, мағынасыз әңгімелеріне назар аудармаңыз. Қайнап жатқан қазанның бетін жауып, мақсатқа жеткізер тура жолды таңдайтын уақыт жетті. Сәттілік сіздің жағыңызда.
Арыстан
Махаббатта жолыңыз болды. Соны бағалай білсеңіз -ол сізді болашақта Бақытқа жетелейді. Махаббат пен сәттілік сізбен бірге. Қазіргі уақытта сіз көптеген жетістіктерге, биік белестерге жеттіңіз. Ол сіздің адалдығыңыздың арқасы. Осы бетіңізден таймаңыз. Өте керемет.
Бикеш
Бүгін адамдарға қамқор болуыңыз тиіс! Бүгін көп адам жыныңызға тиеді, олармен ұрыспай, сабыр сақтап, үндемей өтіп кетіңіз. Ертен сол адамдар сізге керек болып қалады. Сол кезде керегін олардан аласыз, ал олар сізге үндемей көмегін береді
Таразы
Жақын арада ұмытылмас махаббат күтуде! Басыңыз айналып, мас болып қаласыз! Өз жұлдызыңызды қолыңыздан шығармай ұстаңыз! Қазір көп адамдар сізді қалай сынауға болады деп ойланып жүр. Бірақ сіз ештеңеден қорықпайсыз. Өте батыл жансыз. Әркезде алғашқы қадам жасауға әрдайым дайын тұрасыз. Ешқашан көңіліңіз түспесін. Армандаған мақсатыңызға жетуге аз ғана уақыттар қалды.
Сарышаян
Ойға берілгіш, арманшыл және ілтипатты, бір сөзбен айтқанда,нағыз арман дерсің!!! Оған ақылды әрі жұмсақ мінезді жандар ұнайды. Ол үшін сырт келбетінің көрікті болып тұрғаны ғана емес, адамдармен әңгімелесе білгені де мағызды. Сондықтан мұны да естен шығаруға болмайды. Сарышаяндарға бәрінен де…сенесің бе, сенбейсің бе… Шаян қыздар ғана лайықты! Сондай-ақ, оларға Сарышаяндар да сәйкес келеді.
Мерген
Ешкiмнен қолдау күтудің қажеті жоқ. Бәрі өзіңіздің қолыңыздан келеді. Ешкімге сенбеңіз. Тек Алланың қолында. Жұмысыңызда алға басуда. Қалтаңызда қалыңдауда. Бай боласыз ИӘ,ИӘ,ИӘ..
Тауешкі
Тауешкілер бақытты. Сүйгенімен бірге. Барлық шаруаларыңызды жинап қойып сүйіктіңізге көңіл бөліңіз. Ол сізден қолдау күтеді. Бірге әсерлі кеш өткізіңіздер. Махаббат айдынына ақ жол!!!
Суқұйғыш
Суқұйғыштар әлемдегі ең бақытты жандар. Олар сүйе біледі және сүйдіреді. Оларға бәрі қызығады, тамсанады. Олар өте нәзіктікті, мейірімділікті жақсы көреді. Сүйгеніненде соны талап етеді. Бақытты жандар
Балықтар
Күннің басы балықтар үшiн үйде жөндеу жұмыстарын жүргiзуге қолайсыз кез. Техникалық жабдықтарға жақсылап қараңыз, әйтпесе күтпеген жерден «тосын сый» алуыңыз ғажап емес. Күннің ортасына қарай жағдай жақсы жағына қарай бiраз өзгередi.