Жұлдыз жорамал: 17 қыркүйек - 23 қыркүйек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұлдыз жорамал: 17 қыркүйек - 23 қыркүйек

Жұлдыз жорамал: 17 қыркүйек - 23 қыркүйек

Апталық жұлдыз-жорамал: 

  • 17 Қыркүйек 2018
  • 588
Фото - Caravan.kz

Тоқты

Сіз үшін өткен күнге есеп беріп, болашаққа жаңа жоспар құратын уақыт келді. Егер жаныңызды жегідей жейтін мәселелер пайда бола бастаса, оны тез арада шешуге тырысыңыз. Мазасыз тіршіліктен бас тартыңыз да, өзіңізге көңіл бөліп бастаңыз. Жұрттың қамын жеп, қамқорлық жасау сіздің ғана маңдайыңызға жазылмаған. 👍Бастаған ісіңізді әрқашан да аяғына дейін жеткізіңіз. Әріптестеріңізбен қарсыласып, бастығыңызға қарсы шығудың еш қажеті жоқ. Шыдамдылық танытсаңыз,бұл күн жұртшылық сіздің барлық талантыңыз бен іскерлігіңізге куә болады.

Торпақ

Жоқтық ұят емес, байлық мұрат емес деп бабаларымыз айтқандай өзіңізді, өмірдегі орныңызды, сүйген жарыңызды, мақсатыңызды іздеуді жалғастырыңыз. 😊Айналаңыздағылардың сенімсіздіктеріне, мағынасыз әңгімелеріне назар аудармаңыз. Қайнап жатқан қазанның бетін жауып, мақсатқа жеткізер тура жолды таңдайтын уақыт жетті. Сәттілік сіздің жағыңызда. 

Егіздер

Бойыңызда бұрын-соңды болмаған күш пайда болып, белсенділігіңіз артады. 😊Осы талпынысыңыз арқылы біршама жетістіктерге жетесіз. Бұл күн маңызды әрі елеулі оқиғаларға толы екенін ұмытпаңыз. 😇Екінші жарты күнде міндетті түрде демалыс алатын болыңыз. Әдетте демалыс кезінде орын алатын үй жөндеу жұмыстарына кірісуге асықпаңыз. 👍Өзіңізді сынап көріңіз және кәсіби өсу мен биік жетістіктерге жеткізер қадамдарды қорықпай жасаңыз. 😌Қазақ «жыламаған балаға емшек жоқ» дейді. Сондықтан бәрі де өзіңіздің талпынысыңызға байланысты болмақ. Арман орындалатын күн де алыс емес деп сеніңіз.

Шаян

Сізді бизнес жолында көптеген табыстар күтіп тұр. 😊Сондықтан өмірлік жоспарларыңызды тағы бір айқындап алыңыз. Үйіңізге және отбасыңызға көбірек уақыт бөліңіз. Күннің алғашқы жартысында мансабыңыз өспек. Мақсаттарыңыз бен армандарыңыз бірте-бірте орындалып жатса, таң қалмаңыз. Өйткені бұл сіздің күніңіз. Ата-аналарымыз үйреткендей сабырлық танытыңыз. Өміріңізге бір нәрсе жетпейтінін сезініп жүрсеңіз «балалы үй базар, баласыз үй мазар» екенін еске түсіріңіз. Сүйген жарыңызбен қосылып, берік отбасын құратын кезең келді.

Арыстан

Өз өміріңізді қалай көргіңіз келсе, оны жүзеге асыруға мол мүмкіндік бар. 😊Сіз үшін бұл күн — таңғажайып романтикаға толы кездесулер мезгілі. сіз үшін сезімге ерік беретін күн болмақ.  Егер әлі отбасын құрмасаңыз, іске кірісіңіз. 😇Сәтті кездесулер үйлену тойына дейін апарады деген болжам бар. 👍Ата-анаңыз бен туыстарыңыз сізді қолдап, дұрыс шешім қабылдауға бағыттап отырады. «Ағайын тату болса — ат көп, абысын тату болса ас — көп» деген сізге дәл табылған.

Бикеш

«Қыз еркем кестесімен көркем, ұл еркем өнерімен көркем». 😊Қайсар жан екеніңізді естен шығармаңыз. Кез келген маңызды және қиын жұмысты еш қорықпастан бастап кете аласыз. Сіз үшін, әсіресе, күннің екінші жартысы табысты болмақ. 👍 👍 👍 Алғашқы жарты күнде көп уақытыңызды отбасыңызға бөліңіз. Сонымен қатар оқуға, саяхат жасап, демалуға көптеген мүмкіндіктер туады. Мүмкін емес деген нәрселердің өзін еш қорықпастан армандаңыз,бұл күн сол армандар орындалатын сәтті күн болмақ. Шешім қабдылдауда шорқақтық танытпаңыз. Өміріңізге кедергі жасайтын, түкке де керегі жоқ дүниелерден арылыңыз. Пайдалы әрі сауапты іс істеуге тырысыңыз. Бәрі сізден үлгі аларлықтай жақсы шаруа бітіріңіз. Жаныңыздағылардың көңіліне қараңыз, сізге ренжулі жандардың санын арттырып алмаңыз. 

Таразы

Бұл күн сізден еңбекқорлықты, төзімділік пен сабырлылықты күтеді. 😊
Дәл қазір сіздің мәртебеңіз жеткілікті дәрежеде биік, сондықтан әріптестеріңіздің арасында көшбасшы болуға мүмкіндігіңіз бар. Тек теріс мінездеріңізді көрсетіп қойып жүрмеңіз. Керісінше, жан дүниеңізді тазартып, үлкен кісілерден бата алыңыз. 👍«Баталы құлға бақ қонар». Маңызды шешімдерді жеті рет өлшеп, бір рет кесуді ұмытпаңыз және ең сенімді серіктеріңізбен ақылдаса отырып қабылдаңыз.Сүйгеніңізбен бақыттысыз.

Сарышаян

Бұл күні бірінші кезекке отбасы мен үй шаруасын қойған дұрыс болады.😊 Белсенділігіңізді қоғамда емес, шаңырағыңызда көрсетіңіз. Аймалайтын анаң қымбат, асқар тауың әкең қымбат деп бекер айтылмаған. Күннің ортасы мен соңында жан дүниеңізде көптеген өзгерістер болуы мүмкін. 😇Бірден жоғарыға ұмтылудың қажеті жоқ, алдымен өзіңізге не керек екендігін анықтап алыңыз. 😇Шаршасаңыз, өзіңізге демалыс жариялаңыз да табиғат аясында тыныстап қайтыңыз. Ляззат, шабыт сезіміне кенелесіз.

Мерген

Бұл күні Оптимизмнен қашпай, тек позитивті күн кешуге тырысыңыз. Жаныңыздағыларды таңдандырып, тек күліп жүріңіз. Жоқ, жалғандықтың еш керегі жоқ. Бәрінің тек шынайы болғаны дұрыс. Шектен тыс өркөкіректік танытудан сақтаныңыз. Егер бұл мінезіңізге бой берсеңіз, біраз жақсы адамдармен байланысыңыз үзіліп қалуы мүмкін. Салмақты қатынас үшін сабырлылық керек. Имандылығыңызды арттырыңыз. Нағыз шешуші кезеңге жетіп қалғаныңыз есіңізден шықпасын. Өзіңізді бағалай құрметтеу арқылы жаныңыздағылардың пікірін айтарлықтай өзгертесіз.

Тауешкі

Жүрген ортаңызда мерейіңіз үстем болып, дәрежеңіз арта түседі. Ең бастысы – басқаны тыңдаудан бас тартпаңыз. Дәрежеңіздің көтерілуі соған байланысты. Махаббат мәселесінде анау айтқандай қиын мәселе болмайды. Сіз өз биігіңізге асықпай, аяңдап жетесіз. Бұл күн сізден көп мөлшерде сабырлық пен төзімділік күтеді. Бастаған істі аяқсыз қалдырсаңыз, еңбегіңіздің жемісін күтпеңіз. Ал күннің екінші жартысында Сенімді жұмыс тапсырылмақ! Жауапкершіліктен қашпаңыз. Ауырдың астымен жүрмеуге тырысыңыз.

Суқұйғыш

Арманға жету үшін жеңіл жолды таңдау оңай болғанымен одан түк шықпайтынын түсініңіз. Бұл күн сізден төзім мен ақылды қажет етеді. Күштілер мен тәуекелшілдерді таңғажайып сыйлықтар күтіп тұр. 😇Бастысы — өзіңізге нақты ненің керек екендігін білу.Егер іске құлшыныспен кірісер болсаңыз ол міндетті түрде жемісті болады. Екінші жартыңыз сізді үнемі қолдап, құлшынысыңызды арттырып отырады. «Баламен дос болсаң бала боларсың, қариямен дос болсаң дана боласың». Айналаңызда қандай адамдар жүргенін қараңыз. Осы күні өзіңізге деген сенімділік пен белсенділігіңіздің арқасында мансабыңызды өсіре аласыз.Алдын ала жақсы жоспар құрып алғаныңыз дұрыс.

Балықтар

Күніңіз тамаша өтеді. Достарыңызбен бас қосуға баруға өте қолайлы күн. Сүйіктіңізбен біргесіз. ЕКЕУІҢІЗ БОЛАШАҚТЫ АРМАНДАУҒА таптырмайтын уақыт.