Microsoft компаниясының құрылтайшысы қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Microsoft компаниясының құрылтайшысы қайтыс болды

Microsoft компаниясының құрылтайшысы қайтыс болды

Пол Аллен Сиэтлиде дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні ходжкиндік емес лимфомасы асқынуы салдарынан көз жұмған.

  • 16 Қазан 2018
  • 20
Фото - Caravan.kz

Microsoft компаниясының құрылтайшысы Пол Аллен 65 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды BAQ.KZ. ria.ru сайтына сілтеме жасап. 

«Компаниямыздың құрылтайшысы Пол Аллен қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз», — делінген хабарламада.

Ол 16 қазан күні түні ходжкиндік емес лимфомасы асқынуы салдарынан көз жұмған.

Америкалық кәсіпкер Пол Аллен 1975 жылы Билл Гейтспен бірігіп, Microsoft компаниясын құрған. Ол – бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания.


2018 жылы Аллен 20,5 миллиард доллар байлығымен Forbes журналында 44-орын алған.