Дүйсенбі күні ауа райы қандай болмақ? - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүйсенбі күні ауа райы қандай болмақ?

Дүйсенбі күні ауа райы қандай болмақ?

Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, тек республиканың солтүстік жартысында циклонның өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жауын-шашын жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

  • 22 Қазан 2018
  • 20
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Алматы, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.