Үлкен баласы Самнан барша ақ нәсілділер тарады. Ортаншысы Хамнан қара нәсілділер өрбіді. Кіші үлы Жаппастан түркі нәсілі тарады. Бірақ топан судан кейін үшеуі де қапаланып жүрі. Еңселері түсіп, өмірден баз кешетін. Алла олардың көңілдерін ауламақ болды. Ойын-күлкіні жаратып, оны он бөлікке бөлді. Бір бөлігін Сам мен Жаппасқа берді. Әкесінің етегі ашылғанда, әуретіне күлгені үшін Хамға тоғыс бөлігін берді. Хам ұрпақтарының ұяттары төмен болып, түрлі шулы әуендерді, шектен шыққан билерді, думандарды ойлап шығарды. Жер жүзіне таратты.
Ақпарат "Әлдиден эпосқа дейін" кітабынан алынды.