"Ақжайнақ" әнін орындайтын танымал әнші қаржы пирамидасын құрамын деп істі болып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ақжайнақ" әнін орындайтын танымал әнші қаржы пирамидасын құрамын деп істі болып жатыр

"Ақжайнақ" әнін орындайтын танымал әнші қаржы пирамидасын құрамын деп істі болып жатыр

Халық әні "Ақжайнақты" орындап жүрген Амангүл Орынбасарқызы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлайды.

  • 25 Қазан 2018
  • 209
Фото - Caravan.kz

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, әртіс осы жазда "Ақжайнақ" қаржы ұйымын құрған.

Әйел 20 мың теңгеден құйып, соңынан екі адам ертіп әкелген қазақстандықтарға ақшаны екі есе қылып қайтаруға уәде берген. Халықтың әлеуметтік осал топтары алаяқтықтың құрбаны болған.

Қазір Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде.

Полицейлер әртістің алаяқтық әрекетінің құрбаны болғандарды құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды. Тәртіп сақшылары қырағылық танытып, күмәнді ұйымдарға сенбеуге кеңес береді.

Желіде қолданушылар жағымсыз пікірлер қалдырып, әншіден ақшаны қайтаруды сұрап жатыр. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Майра Уразгалиева (@mairastar93) on